АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2025 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНА БАСТАР ЖОЛ»

02.12.2025
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша  «WorldSkills–2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауына жүйелі және мазмұнды дайындық жұмыстары жүзеге асырылуда.
Дайындық жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрды:
• құзыреттілікке сәйкес модульдік тапсырмаларға талдау жасалды;
• заманауи педагогикалық әдістерді меңгертуге арналған оқу-әдістемелік материалдар әзірленді;
• тәжірибелік дағдыларды шыңдауға арналған арнайы оқу-тәжірибе алаңы ұйымдастырылды;
• қатысушының жеке шеберлігін жетілдіруге бағытталған машықтану сабақтары өткізілді;
• тәлімгерлер тарапынан кәсіби қолдау мен әдістемелік бағыт-бағдар берілді.
Қатысушы Сәбит Жұлдыз Нұралқызы байқауға толық дайындалып, алдағы сындарға жүйелі түрде әзірленуде.
Сәбит Жұлдыз Нұралқызына алдағы чемпионатта сәттілік, табыс және шығармашылық шабыт тілейміз! Сенімділік пен күш-қуат әрдайым серігің болсын! ✨
Просмотров: 98


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст