Текст
02.12.2025
2025 жылғы 28 қарашада «Көкшетау» мәдениет сарайында ұлы композитор, күйші-дирижёр Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Домбыра – даланың жүрегі» облыстық жастар фестивалі өтті.
Шараға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері – Маратбек Азамат, жетекшісі Закирьянова Әйгерім Ғабділмәжитқызы және Қабдырразақ Аяжан, жетекшісі Касымова Айзат Сандыбайқызы қатысып, өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, дипломдармен марапатталды.
Ұлттық өнерді ұлықтап, домбыраның қадірін танытқан жас таланттарымызға шығармашылық жолда табыс тілейміз!