Дөңгелек үстелге колледж әкімшілігі, шығармашылық топтағы оқытушылар, республикалық, аймақтық кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздары: Иват Үмітгүл, Қиззат Райхан Мұратқызы, «WorldSkills-2025» аймақтық чемпионатының жеңімпаздар, республикалық чемпионатқа жолдама алған: Сәлімкерей Ақгүлім Айбекқызы мен Сәбит Жұлдыз Нұралықызы қатысты.
Дөңгелек үстелді Мектепке дейінгі бөлімнің меңгерушісі Мұқышева Нұргүл Серікқызы жүргізді. Іс-шараның шымылдығын колледж директорының міндетін атқарушы Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы ашып, WorldSkills чемпионатының 2016 жылдан бергі тарихына тоқталып, чемпионат жеңімпаздарын мақтанышпен атап өтті. Олар:
– «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan 2019» V республикалық чемпионатында күміс медаль иегері Шарипова Айгерим Тельжановна;
– «Кіші сыныптарда оқыту» құзіреттелігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan – 2020» республикалық чемпионатының Алтын медаль иегері Маджитова Лаура Ерикбаевна;
«WorldSkills Kazakhstan – 2021» республикалық чемпионатының «Үздік маман» номинациясының жеңімпазы, медальон иегері Иват Үмітгүл;
– «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «Worldskills Kazakhstan – 2022» VII республикалық чемпионатының «Үздік маман» номинациясының иегері Бельгумбаева Анара Азаматовна.
Бақытгүл Ерғалиқызы сөз соңында «WorldSkills-2025» аймақтық чемпионатының жеңімпаздарына Республикалық додада сәттілік, жеңіс тілей отырып, қатысушыларға үлкен сенім артып, қолдау білдірді.
Келесі сөз кезегі директордың практика жөніндегі орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызына берілді. Тойындық Молдағалиқызы өз сөзінде әр жылғы жеңімпаздың дайындағына колледж әкімшілігі зор жауапкершілікпен қарап, шығаршамылық топ құрылып, әр қатысушыдан үкілеген үмітті көріп, оларға әдістемелік көмек, педагогикалық қолдау, психологиялық сүйемелдеу көрсетілгендігін айта келіп, республикалық байқау қатысушыларына игі тілегін білдірді.
Директордың республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі бойынша орынбасары Смаилова Айгүл Тоқтауылқызы сөз кезегінде қатысушыларға жігер беріп, шабыттандырды.
Дөңгелек үстелде арнайы шақырылған WorldSkills чемпионат жеңімпаздары қатысушыларға мотивация беріп, тәжірибелерімен бөлісті.«WorldSkills Kazakhstan – 2025» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ЖЕҢІС ТІЛЕЙМІЗ!