АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ТӘРБИЕ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

27.11.2025
2025 жылдың 27 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің І курс студенттері арасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Шабыт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» атты қойылымдар конкурсы өтті. Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, шығармашылық қабілетті дамыту, топ ішіндегі бірлікті нығайту.
Іс-шара барысында әр топ өздері дайындаған шағын қойылымдарын ұсынып, отбасыдағы сыйластық, мейірім, жауапкершілік, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік сияқты құндылықтарды тақырыбын терең ашуға тырысты. Қатысушылардың өнері қазылар алқасының назарына ұсынылып, бағалау критерийлері бойынша актерлік қабілет, шығармашылық идея, сахналық мәдениет, тақырыптың ашылуы және топтық үйлесім ерекше ескерілді. Конкурс соңында үздік деп танылған топтар марапатталды, ерекше өнер көрсеткендерге номинациялар табысталды. Бұл шара студенттердің рухани-адамгершілік көзқарасын қалыптастыруға, отбасы ұғымының маңызын ұғындыруға және шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдауға зор ықпал етті.
#адалазамат #біртұтастәрбиебағдарламасы #ұлағаттыотбасы #ұлтқұндылығы
Просмотров: 71


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст