АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

“МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ” ЖӘНЕ “КІШІ СЫНЫПТАРДА БІЛІМ БЕРУ” ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ БОЙЫНША «WORLDSKILLS–2026» КОЛЛЕДЖІШІЛІК ЧЕМПИОНАТЫ

19.11.2025
2025 жылдың 19 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттіліктері бойынша «WorldSkills–2026» колледжішілік чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Чемпионаттың мақсаты – еліміздің экономикалық дамуына үлес қосатын орта буын мамандарының қызметін жастар арасында кеңінен насихаттау, кәсіби-педагогикалық мамандықты таңдаған білім алушылардың кәсіби шеберлігі мен тұлғалық қабілеттерін шыңдау.
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі директорының практика жұмысы бойынша орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы чемпионаттың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«WorldSkills–2026» колледжішілік чемпионатына қатысушылар:
• МД-31 тобы – Абильмажинова Махаббат
• МД-31 тобы – Төлеген Аружан
• МД-32 тобы – Жолдас Мерейлім
• МД-31 тобы – Ермекқызы Аяулым
• МД-31 тобы – Аманжол Айлана
• МД-32ҚБ тобы – Асан Бахжанар
• БМ-31 тобы – Адениятқызы Айғаным
• БМ-31 тобы – Дәулетбек Аружан
• БМ-31 тобы – Ербай Гүлзада
• БМ-31 тобы – Зикен Рабия
• БМ-31 тобы – Уайс Нұргүл
Қатысушыларға «WorldSkills–2026» колледжішілік чемпионатының бағдарламалары табысталды.
Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Просмотров: 312


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст