Текст
13.11.2025
Колледж әдіскері Сабырова Әсем Бекешқызы «Педагогтердің аттестаттаудан өту қағидаттары» тақырыбында баяндама жасап, аттестаттау рәсімдерінің тәртібі мен бағалау критерийлеріне тоқталды.
Колледж әдіскері Өтепбай Жансая Қанатқызы «Әдістемелік өнімнің негізгі түрлері мен талаптары» тақырыбында педагогтердің әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және құжат дайындау бағытында тәжірибелік ұсыныстар берді.
Ағылшын тілі бөлімінің меңгерушісі Каппас Айсара Жанатқызы «Сабақты зерттеудің заманауи әдістері» атты баяндамасында Lesson Study тәсілін тиімді қолдану жолдары мен оқыту сапасын арттыру тетіктерін талқылады.