АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

БІЛІМГЕ ҚҰШТАР ЖАСТАР

14.11.2025
2025 жылдың 14 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің білімге құштар жастары Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен тағылымы терең әдеби кездесуге қатысты.
Зиялы ортада Қазақстан Республикасының Судьялар одағының мүшесі, әдебиетші, абайтанушы Марат Азбанбаев «Абай күнделігі – құқықтың қайнар көзі» атты әсерлі баяндама жасап, Абай әлемінің тылсым тереңіне жетеледі. Көркем ой мен парасатқа толы әңгімелер студенттердің жүрегіне жол тауып, ұлттық рух пен әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін одан әрі асырды.
Бұл кездесу жастар үшін тек дәріс қана емес, рухани серпіліс, кітап пен сөз қадірін қайта сезіндірген мәнді басқосу болды.
Просмотров: 214


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст