14.11.2025
Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде білім сапасын арттыруға бағытталған №2 педагогикалық кеңес өтті.
Кеңестің басында дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші,
«Үздік педагог-2025» республикалық байқауының жеңімпазы Хамзин Елебек Советұлының
«Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі бойынша практикум» атты оқу-әдістемелік құралының тұсаукесері өтті.
Сонымен қатар, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ардақты ұстазы, педагог-зерттеуші, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Жабагинова Майра Канапияқызы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды!
КҮН ТӘРТІБІ
Ағымдағы аттестаттау қорытындысының мониторингісі және жетілдіру жолдары
Бұл бағытта директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы баяндама жасады.
«WorldSkills Kazakhstan-2025» республикалық чемпионатына дайындық деңгейі:
• «Бастауыш білім беру» құзыреттілігі
• «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі
Директордың практика жұмысы жөніндегі орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы баяндады.
Кәсіби білім сапасын көтерудегі Біртұтас тәрбие бағдарламасының іске асырылуы
Бұл бағытта директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахым Арайлым Қайыргелдіқызы есеп берді.
Студенттерге психологиялық сүйемелдеу қызметін көрсету мүмкіндіктері жөнінде педагог-психолог Дина Ғалымовна сөз сөйледі.
Педагогикалық кеңес барысында оқу процесін жаңғырту, білім сапасын арттыру және алдағы жұмыс жоспарын нақтылау бағыттары талқыланды.
Педагогикалық кеңесте директордың міндетін атқарушы, ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша орынбасары Батанасова Бахытгүл Ерғалиқызы көтерілген өзекті мәселелер бойынша тұжырым жасап, атқарылған жұмыстар бойынша талдау жасады.