Текст
12.11.2025
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің №1 студенттер үйінде «КҮЗ ХАНЗАДАСЫ МЕН КҮН ХАНШАЙЫМЫ» атты мерекелік байқау жоғары деңгейде өтті.
Мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында әр жұп өзін ерекше түрде таныстырып, өнерлерін ортаға салып, сән үлгілерін көрсетті. Сонымен қатар, қатысушылар бір-біріне арналған қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз тапқырлығымен, білімділігімен және сахна мәдениетімен көзге түсті.
Кеш көңілді әнге толы болып, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.