11.11.2025
2025 жылдың 11 қараша күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Тіл және әдебиет кафедрасы» апталығы аясында «Менің сүйікті мамандығым» тақырыбында филология бөлімінің III және IV курс студенттері арасында эссе жазу байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – студенттердің таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін арттыру, өз кәсібін қадірлей білуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту және көркем тілмен ойды жүйелі жеткізуге үйрету болды.
Іс-шара барысында студенттер өз мамандықтарына деген құрметі мен сүйіспеншілігін шығармашылық тұрғыда эссе арқылы өрнектеп, кәсіби бағыттылығын айқын көрсетті. Әр жұмыс мазмұнының тереңдігімен, көркем тіл өрнегімен ерекшеленді.
#ЖМусинКолледжі #МеніңСүйіктіМамандығым #ФилологияБөлімі #ШығармашылықБайқау #ТілЖәнеӘдебиет