АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

10.11.2025
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің командасы Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында ұйымдастырылған XXIII “Кезең” Спартакиадасында ұлттық спорт түрлері — «Тоғызқұмалақ» және «Бес асық» бойынша жүлделі І орынды иеленіп, Республикалық Студенттер лигасына жолдама алды.
Бұл жеңіс колледж студенттерінің жоғары дайындық деңгейін, ұлттық ойындарға деген қызығушылығын және спортқа деген шынайы құлшынысын көрсетеді. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің зияткерлік қабілеттерін, тапқырлығы мен жылдам ойлау дағдыларын таныта білді. Мұндай жетістіктер колледжде салауатты өмір салтын насихаттаудың, ұлттық дәстүр мен мәдениетті құрметтеудің нақты нәтижесі болып табылады. Жеңіс құтты болсын!
Спортшыларымызға алдағы уақытта да табыс, жаңа биіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Просмотров: 173


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст