КӨҢІЛДІ ЖАСТАР АЛАҢЫ

31.10.2025

2025 жылдың 30 қазан күні  Көкшетау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның ұйымдастыруымен «Көңілді жастар алаңы» әзіл-сықақ ойындары өтті. Мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту және қолдау,  студенттердің өзін-өзі танытуына мүмкіндік беру.  Аталмыш іс-шараға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «MUSIN» құрамасы алғашқы маусымашар ойынына қатысып, ЧЕМПИОН атанды. Арнайы кубокты жеңіп алды! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Просмотров: 387


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу