Текст
28.10.2025
2025 жылдың 28 қазан күні Республикалық «Үздік педагог-2025» байқауының жеңімпазы –Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші, «Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері» төсбелгісінің, «Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломының, «Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов» медалінің иегері, Қазақстан ПҒА мүшесі Хамзин Елебек Советұлын колледж ұжымы және студенттер сән-салтанатпен ерекше қарсы алды. Колледж әкімшілігі мен «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының оқытушылары Елебек Советұлын шын жүректен құттықтап, оның жеңісі барша ұжым үшін зор абырой мен қуаныш екенін атап өтті.