Текст
28.10.2025
2025 жылдың 28 қазан күні Информатика бөлімінің IV курс студенттері «Білім мен дағдыны практикада игеру» атты практиканың қорытынды конференциясын өткізді. Конференцияның мақсаты – мектепте алған тәжірибелерін пысықтап, қорыту және тәжірибе алмасу. И-41 тобы №17 мектеп-гимназиясы мен №18 С. Жүнісов атындағы мектеп-лицейінде, ал И-42ҚБ тобы №6 мектеп-лицейінде өткізген іс-тәжірибелерін ортаға салып, портфолиоларын қорғады.
Конференция соңында әдіскерлер мен оқытушылар студенттерге болашақ диплом алдындағы практика кезінде ескеру қажет негізгі мақсаттар мен міндеттерді атап өтті.