29.10.2025
2025 жылдың 29 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеудегі ата-ана жауапкершілігі: ата-ана мен колледж ынтымақтастығы» тақырыбында ата-аналар конференциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналар мен оқу орны арасындағы өзара байланыстарды нығайту, студенттердің рухани-адамгершілік және жеке тұлғалық дамуына ата-аналардың ықпалын арттыру.
Конференция барысында колледж директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы кәсіптік білім беруде колледждегі оқу процесінің талаптары туралы сөз сөйлеп, ата-аналардың оқу үдерісіндегі маңыздылығына тоқталды. Ал директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Рахым Арайлым Қайыргелдіқызы студенттердің әлеуметтенуіне бағытталған іс-шаралар жайында баяндама жасады.
Колледждің педагог-психологі Г.Б.Жезбаева «Ата-ана және колледж ынтымақтастығы» тақырыбында мазмұнды баяндама оқып, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі белсенді рөліне тоқталды. Сондай-ақ, Көкшетау қалалық кәмелетке толмаған істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Е.Нысанбай кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі туралы түсінік берді.
Ата-аналар комитетінің төрайымы Айткенова Қарлығаш Думанқызы ата-аналар қауымдастығының колледжбен бірлесе атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісіп, өз тәжірибесін жеткізді.
Конференция соңында ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу өтті. Іс-шара шағын концерттік бағдарламаға ұласты.
Конференцияның екінші бөлімінде әр топ жетекшісі өз ата-аналарымен жеке форматта жиналыс өткізіп, студенттердің оқу үлгерімі мен тәртібі жөнінде ақпарат берді.
Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ата-аналар мен колледж арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастауға ықпал етті.