28.10.2025
2025 жылдың 28 қазан күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде қыз балаларға арналған мотивациялық кездесу өтті. Кездесу қонағы – колледж түлегі, жас мотиватор Айғаным Боташ болды.
Кездесудің негізгі мақсаты – студенттерге өмірге деген сенім мен жігер сыйлау, жеке даму жолында табандылық пен мақсат қоюға, білім-ғылым жолында үлкен жетістіктерге жетуге ынталандыру. Айғаным Боташ өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жетістікке жету жолындағы еңбек пен табандылықтың маңыздылығын әсерлі түрде жеткізді.
Шара барысында студенттер сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Кездесу жылы атмосферада өтіп, бойжеткендерге шабыт пен мотивация сыйлады.
Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, қонаққа алғыс айтып, болашақта осындай пайдалы кездесулер жиі өткізілуін тіледі. #адалазамат #біртұтастәрбиебағдарламасы