Текст
28.10.2025
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Республика мерекесі ел рухын асқақтатып, студенттердің бойында отансүйгіштік сезім мен ұлттық мақтаныш ұялатқан ерекше күн болды. Іс-шара аясында бірыңғай әнұран орындау акциясы ұйымдастырылып, Республика күніне арналған қолөнер, суреттер мен аппликациялар көрмелері қойылды. Кеш барысында колледждің өнер және шығармашылық ұжымдары жаңа репертуарларымен көрермендерді тәнті етті. Мерекелік шара елдік пен бірліктің, рух пен парасаттың айғағы болды. Бейбіт аспан астында мәңгі желбіреген көк туымыздай, халқымыздың рухы да биік болсын!
#РеспубликаКүні #ЖМусинКолледжі #МеніңҚазақстаным