АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

“ИГІ ІСТЕР АВТОБУСЫ” АКЦИЯСЫ

24.10.2025

Ағымдағы жылдың қазан айында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің информатика бөлімінің оқытушылары мен студенттері дәстүрлі түрде «Игі істер автобусы» акциясын ұйымдастырды. Бұл шараның негізгі мақсаты – жастардың бойында мейірімділік, қамқорлық, ізгілік сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, сонымен қатар үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін дәріптеу.
Акция аясында студенттер мен оқытушылар қаламыздағы қарт адамдарға қол ұшын беріп, тұрмыстық шаруаларында көмектесті. Осындай қамқорлыққа риза болған қариялар студенттерге ақ баталарын беріп, болашақта бұл игі істердің жалғасын табуына тілектестік білдірді.
Мұндай іс-шаралар жастардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, өз қоғамына пайдалы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. «Игі істер автобусы» – мейірім мен ізгілікті насихаттайтын тамаша дәстүрге айналып келеді.

Просмотров: 62


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст