24.10.2025
Ағымдағы жылдың 23 қазанында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің А-11 тобында «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерге Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихын терең таныту, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, ел жетістіктерін дәріптеу және жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен патриоттық сезімді қалыптастыру болды.
Шара барысында студенттер еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы презентациялар ұсынып, патриоттық өлеңдер оқыды. Сонымен қатар «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында викторина өткізіліп, қатысушылар белсенділік танытты.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан студенттерге алғыс хаттар табысталып, «Тәуелсіздік – ең қымбат қазына!» атты ұранмен түйінделді.
Тәрбие сағатын А-11 тобының кураторы Даирова Томирис Аманжолқызы ұйымдастырды.
Тәуелсіз елдің жастары – ел ертеңі! 🇰🇿
#ТәуелсізЕлімҚазақстан
#РеспубликаКүні
#БіртұтасТәрбиеБағдарламасы
#ЖастарПатриотизмі
#ЖМусинКолледжі
#ТәуелсіздікҚұндылығы