АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

24.10.2025

Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері «Сұңқар» универсиадасы бағдарламасы аясында өткен тоғызқұмалақ спорт түрінен жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Бұл жарыс – жастардың зияткерлік қабілетін, ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыруды көздеген маңызды дода болды.
Орта арнаулы оқу орындары арасында колледждің құрама командасы жүлделі ІІ орынды иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді.
Жеке есеп нәтижелері бойынша: А-31 тобының студенті Сағидуллаев Жанарыс – ІІ орын, ФБ-21 тобының студенті Өмірхан Қарлығаш – ІІ орын иеленді.
Бұл жетістік – колледж студенттерінің табандылығының, дайындық деңгейінің және ұлттық ойынға деген сүйіспеншілігінің айқын дәлелі.
Жүлдегер студенттерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Оларға алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа белестер мен спорттағы жарқын жеңістер тілейміз!

 #СұңқарУниверсиадасы #ЖМусинКолледжі #Тоғызқұмалақ #ЖүлдегерСтуденттер #СпортЖалындыЖастар #ҰлттықОйын #ЖеңіскеЖеткенЖастар

Просмотров: 62


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст