23.10.2025
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 25 қазан – Республика күніне орай Филология бөлімінің ұйымдастыруымен колледжішілік «Менің Қазақстаным» тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – студенттердің туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, көркем әрі жүйелі ойлау шеберлігін жетілдіру болды. Іс-шараға «Филология», «Ағылшын тілі», «Мектепке дейінгі білім беру», «Бастауыш білім беру», «Дене тәрбиесі және спорт» және «Информатика» бөлімдерінің І курс студенттері белсене қатысты. Байқауда қатысушылар өз шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде танытып, берілген тақырыпты тереңінен ашып көрсете білді. Эсселерде ел тәуелсіздігі, Отанға деген сүйіспеншілік, ұлттық бірлік пен болашаққа сенім сынды рухани құндылықтар кеңінен көрініс тапты.
Байқау қорытындысы бойынша:
* І орын – Филология бөлімінің І курс студенті Құрманғали Әсемай;
* ІІ орын – Логопедия бөлімінің І курс студенті Қожабаева Қарақат, Ағылшын бөлімінің І курс студенті Жанболатқызы Нұрсая;
* ІІІ орын – Ағылшын бөлімінің І курс студенті Кәрібай Жанар, Информатика бөлімінің І курс студенті Хасен Сакен, Ағылшын бөлімінің І курс студенті Кәрібай Жанар.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен шабыт тілейміз!