23.10.2025
2025 жылдың 22 қазан күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің І курс студенттері, И-11 тобы және топ жетекшісі Жәнібеков Маралбек Батырбекұлы студенттердің бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру мақсатында Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрына барып, «Орындалмаған парыз» қойылымын тамашалап қайтты.
Қойылымның мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор болды. Спектакль барысында студенттер адамгершілік борыш, ата-анаға құрмет, өмірлік ұстаным мен жауапкершілік жайында ой түйді. Театр өнері арқылы жастар рухани құндылықтардың, мейірім мен парасаттың маңызын ұғынды.
Мұндай мәдени шаралар студенттердің эстетикалық талғамын арттырып қана қоймай, олардың бойында рухани байлық пен отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.
#ТәрбиеліЖастар #ЖМусинКолледжі #ОрындалмағанПарыз #РуханиҚұндылықтар