Текст
18.10.2025
2025 жылдың 18 қазан күні Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар – ресурстық орталығы» МКМ ұйымдастыруымен өткен ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған пікірсайыс турнирінде Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Парасат» дебат клубының мүшелері жүлделі І орынға ие болды.
Турнир барысында студенттеріміз өздерінің шешендік өнерін, логикалық ойлау қабілетін және пікірталас мәдениетін жоғары деңгейде көрсете білді.
Жетекшісі – Беген Сырым Серікұлы мен клуб мүшелерін осы жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз.