22.10.2025
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің әдіскерлері — Әсем Бекешқызы Сабырова, Жансая Қанатқызы Өтепбай және ағылшын бөлімінің меңгерушісі Айсара Жанатқызы Қаппас — 6-17 қазан аралығында Қарағанды қаласында «TALAP» КЕАҚ ұйымдастырған «Білім беру инновация жағдайындағы колледж әдіскерлерінің кәсіби құзыреттілігі» атты курстан өтті.
Курстың мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, педагогикалық қызметті тиімді ұйымдастыру және білім беру бағдарламаларын әзірлеу дағдыларын дамыту болды.
Курс төрт модульді қамтыды:
I модуль: колледж әдіскерінің кәсіби қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар, білім беру ландшафты 5.0, трендтер, soft skills және әдістемелік жұмысты жобалау.
II модуль: әдіскердің диагностика-аналитикалық қызметі, кәсіби кемшіліктерді диагностикалау, Lesson Study, Action Research, Evidence-based принциптері.
III модуль: педагог қызметін әдістемелік сүйемелдеудің заманауи формалары, жекелендірілген білім беру маршруты және өзекті технологиялар.
IV модуль: әдістемелік өнім әзірлеу, авторлық бағдарлама дайындау, сараптау, аннотациялау, ғылыми мақала жазу және әдістемелік материалдарды ұйымдастыру.
Курс практикалық іс-әрекетті дамытуға, білімді жүйелеуге және кәсіби құзыреттілікті арттыруға бағытталды. Оқыту барысында белсенді және ұжымдық әдістер, заманауи ресурстар қолданылды. Педагогтер өз тәжірибесін талдап, кәсіби қызметін тиімді атқаруға мүмкіндік алды.