«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ ережелері мен күнтізбелік іс-шаралар жоспарына сәйкес және Республика күніне орай 2025 жылдың 14–16 қазан күндері аралығында Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мамандандырылған Сандықтау балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ базасында «Намыс» және «Жігер» спартакиадалары аясында өткен «Әсерлендірілген кросс – 2025» жарысына қатысқан жалпы жиыны 14 команданың ішінде колледжіміздің «Айбын» әскери-патриоттық клубының командасы жүлделі ІІ орынға ие болды.
Бұл жеңіс – колледжіміздің намысын абыроймен қорғаған «Айбын» әскери-патриоттық клубы мүшелерінің табандылығы мен жоғары дайындықтарының нәтижесі. Оқу жылында жас ерекшеліктеріне сәйкес қайта жасақталған команда үшін бұл – өте жақсы көрсеткіш.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің шапшаңдығын, төзімділігін, батылдығын және бірлесіп әрекет ету қабілеттерін көрсетіп, нағыз жігер мен ерік күштің үлгісін таныта білді. Бұл жетістік – колледжіміздің спорттық және патриоттық бағыттағы жұмысының тиімділігін дәлелдейді.
Клуб мүшелері мен жетекшілері Қалиев Қуаныш Ахметұлы мен Токпаев Аманбек Жетпісбайұлын жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жоспарланған жарыстарда бұдан да жоғары нәтижелерге жетулеріне тілектестік білдіреміз!
РУХЫҢ ӘРДАЙЫМ БИІК БОЛСЫН, АЙБЫНЫМ!