АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ҰСТАЗ. ҒАЛЫМ. ТҰЛҒА» РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРАСЫ

14.10.2025

2025 жылдың 13 қазан күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде оқу орнын 35 жыл басқарып келген, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Педагогикалық ғылымдар академиясының және Ұлттық құндылықтар академиясының академигі, филология ғылымдарының кандидаты Ахат Нұртас Ахатұлының құрметті еңбек демалысына шығуына орай «ҰСТАЗ. ҒАЛЫМ. ТҰЛҒА» атты рухани-танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – саналы ғұмырын ұлт руханияты мен білім беру саласының дамуына арнаған Нұртас Ахатұлының еңбек жолы мен шығармашылық қызметін насихаттау, жастарға өнеге ету.
Салтанатты кеш барысында Нұртас Ахатұлының басшылық, ғалымдық және ұстаздық қызметі туралы бейнематериалдар көрсетіліп, «Ақ қауырсын» поэзия клубының мүшелері «Қазақтың АРЫ», «ЕЛ», «Сөз және сурет» атты еңбектерінен үзінді оқыды. Сахна төрінде Ақан серінің «Майда қоңыр», Алмас Темірбайдың сөзіне жазылған Сафуан Шаймерденнің «Әкемнің үйі» әндері әуеледі.
Іс-шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздар, колледж түлектері мен үзеңгілес әріптестері Нұртас Ахатұлының сан қырлы тұлғасына тоқталып, білім беру саласындағы реформаларға қосқан үлесін, ұлт тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттаудағы ерен еңбегін атап өтті. Құттықтау сөз сөйлеген Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасарлары Гамазов Валерий Георгиевич пен Назыкенова Жанар Досымханқызы, Ақмола облысы директорлар кеңесінің төрағасы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры Мұхамедияр Саян Болатұлы, «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры Оразалин Шоқан Жетпісбайұлы,  Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры, ақын Оспан Қуаныш Ерғалиұлы, колледждің ардагер ұстазы Бешимов Қайрат Бақытжанұлы, колледж түлектері атынан жеке кәсіпкер Жұлдыз Тұрғынбекұлы және «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы директорының орынбасары Сұрағанов Дамир Шоқанұлы ұстазға деген ыстық ықыластарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Әсерлі естеліктер мен алғысқа толы бұл кеш Нұртас Ахатұлының колледждің дамуы мен өркендеуіне қосқан ерен еңбегі әрқашан ел есінде сақталатынын айқын көрсетті.
Кеш барысында «Наркескен» ер балалар хоры, «Назерке» камералық хоры, «Жас дәурен» квартеті және «Самғау» біріккен хоры өз өнерлерін паш етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, Нұртас Ахатұлының бастамасымен құрылған бірқатар авторлық жобалар – «Айбын» әскери-патриоттық клубы, «Томирис» рухани-патриоттық қыздар клубы, «Ар-намыс» саяси-интеллектуалдық мектебі және «Кербез» мәдени-интеллектуалдық қыздар мектебі – елдік сана мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы маңызды тәрбие алаңдары ретінде ұсынылды. 
Іс-шара соңында студенттер мен әріптестері ұстазға алғыс гүлін ұсынып, «Мың рақмет саған, Ұстазым!» әнін шырқап, шын жүректен қошемет көрсетті.
Салтанатты кеш мазмұны терең, рухани мәні жоғары, ұлттық құндылықтар мен ұстаздық еңбектің қадір-қасиетін дәріптеген тағылымды шара ретінде жоғары деңгейде өтті.

Просмотров: 158


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст