АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

МЕКТЕПТЕ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ

29.09.2025

2025 жылдың 2–26 қыркүйек аралығында әдіскер Амиржанова Гүлмира Каиржанқызының жетекшілігімен БМ-42КБ тобының студенттері №2 мектеп-лицейде екі түрлі өндірістік тәжірибеден өтті. Олар: «Баланың мектептегі алғашқы күндері» және «Дипломалды практика қызметінің функциялары мен міндеттерін меңгеру».
Бұл іс-тәжірибелердің негізгі мақсаты – балалардың мектеп қабырғасындағы бастапқы кезеңінде бейімделуіне байланысты ғылыми зерттеулер негізінде теориялық білімдерін шыңдау, практикалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ баланың өз бетінше білім алу және тұлғалық даму әлеміне енуінің шешуші кезеңінде олармен жұмыс жүргізу мен тәрбиелеу принциптерін меңгеру, кәсіби міндеттерін орындау дағдыларын қалыптастыру болды.
Кейінгі тағылымдама студент-практиканттарға кәсіби тәртіпті дамытуға, бастауыш сынып оқушыларын жас ерекшеліктері мен жеке қажеттіліктеріне бейімдей отырып оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістері мен тәсілдерін бақылау, талдау және қолдану тәжірибесін алуға мүмкіндік берді. Бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлесіп жасалған сабақ кестесіне сәйкес жасанды интеллект элементтері енгізілген, білім беру мен тәрбие құндылықтарын қамтитын пәндік сабақтар өткізілді және бағаланды.
Болашақ мұғалімдер үшін жауапты, бірақ сөзсіз маңызды білім беру саласында кәсіби құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын одан әрі жетілдіруге табыс тілейміз.

Просмотров: 439


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст