Текст
2025 жылдың 26 қыркүйек күні Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес акциясына орай өңір белсенділері арасында «ТУБЕРКУЛЕЗСІЗ БОЛАШАҚ» атты шара өтті. Мақсаты – жастарды ақпараттандыру, аурудың алдын алу мәліметін қалыптастыру және туберкулезді жою жолында қоғамның белсенділігін арттыру. Аталмыш шараға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Jas Orda» жастар ісі жөніндегі комитетінің мүшелері Акай Аружан, Буркитхан Жанмарал, Раимжанова Айым, Қылышбекова Перизат, Серік Раушангүл қатысып, сертификатпен марапатталды.