Текст
2025 жылдың 22 қыркүйегінде Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде ер балалармен жиналыс өтті. Күн тәртібінде маңызды мәселелер қаралды. Алдымен тәртіп пен үлгілі мінез-құлық туралы сөз қозғалды. Ер балалардың колледждегі және қоғамдық орындардағы жауапкершілігі айтылды. Сондай-ақ спортпен шұғылдану, денсаулықты сақтау, үлкендерді құрметтеу жайлы пікірлер ортаға салынды.
Жиналыс барысында әрбір студент өз ойымен бөлісті. Кейбіреулері достық қарым-қатынас туралы сөз етсе, енді біреулері бос уақытты тиімді пайдалану жолдарын ұсынды. Соңында оқытушылар кеңес беріп, ер балаларға алдағы уақытта тәртіпті, ұйымшыл болу қажеттігін ескертті.