АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«МАМАНДЫҚҚА БАСТАР ІЗГІ ҚАДАМ» АТТЫ ТАНЫСУ КЕШІ

18.09.2025

2025 жылғы  қыркүйектің 17 күні мектепке дейінгі бөлімінің МД-32ҚБ тобының III курс студенттері танысу кешін ұйымдастырды. Шара барысында мектепке дейінгі бөлім меңгерушісі  Нұргүл Серікқызы жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, студенттерге сәттілік тіледі. Өз сөзінде МД-22ҚБ тобының топ жетекшісі Жібек Байжомартқызы студенттердің белсенділігі мен бастамашылдығына ризашылығын білдірді. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. МД-32ҚБ тобының студенттері әртүрлі қызықты ойындар ойнатып,  «Будашкин» атты шағын концерттік музыкалық шығармасын  паш етті. Сонымен қатар, әдістемелік көрме мен қолөнер бұйымдары таныстырылды. Колледж  қабырғасында және өндірістік тәжірибе барысында атқарылған жұмыстар жайында шағын бейнеролик ұсынды. Бұл танысу кеші болашаққа бағытталған, мамандықтың қыр-сырын үйрену мақсатында ұйымдастырылды. Студенттер  үшін ерекше әсерлі, әрі есте қаларлықтай болды. Мұндай шаралар топтар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, ұйымшылдықты арттырары сөзсіз.

Просмотров: 290


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст