«АДАЛ АДАМ, АДАЛ ЕҢБЕК, АДАЛ ТАБЫС» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТЫ

01.09.2025

1 қыркүйекте Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі ағылшын бөлімінің А-22ҚБ тобында топ жетекшісі  Китарова Ғалия Сырымқызы ұйымдастыруымен кураторлық сағаты өткізді. Кураторлық сағатының тақырыбы – «Адал адам, адал еңбек, адал табыс».
Бұл шараның негізгі мақсаты – студенттерге адалдық, еңбек және табыс ұғымдарының мәнін ұғындыру, олардың жеке тұлға мен қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру, сондай-ақ адалдыққа, еңбексүйгіштікке және әділ жолмен табыс табуға баулу.
Кураторлық сағаты барысында А-22ҚБ тобының студенттері өзара жақынырақ танысты. Олар адал адамға тән қасиеттерді талқылап, еңбектің маңызы туралы пікір алмасты.
Кураторлық сағаты студенттердің адалдық және еңбексүйгіштік құндылықтарын тереңірек түсінуіне ықпал етті.

Просмотров: 393


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу