2025 жылдың 21-23 шілде күндері аралығында Ақмола облысындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында колледж студенттерінің республикалық слеті өтуде. Іс-шара ҚР Оқу-ағарту министрлігінің және «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды. Слеттің мақсаты – жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жастардың көшбасшылық әлеуеті мен кәсіби дағдыларын дамыту. Слет тәжірибе алмасу, өзін-өзі таныту және білім, жұмыспен қамту саласындағы өзекті үрдістерді талқылау алаңына айналды. Айта кету керек, республикалық слетінде Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Айшуақ» педагогикалық жасағы мастер-класс көрсетті. Жасақ мүшелері колледж жетістіктерімен таныстыра кетіп, эмпатияны дамытуға арналған шеберлік алаңын өткізді. Қатысушылар SMART дисплейден эмоциялар көрсетілген ұяшықтарды таңдап, өз көңіл-күйлерін көрсетті. Негізгі кезеңде «Мамандықтар әлемі» ғылым, технология, инженерия алаңында LEGO құралдарынан мамандық моделінің бір элементін құрастырса, «Digital Art & AR технологиясы» толықтырылған шындық элементтері арқылы сурет салу алаңында «Жұмысшы қалашығы» кешенінің жобалық суретін толықтырды. Қатысушылар «Цифрлы мозайка» инсайт карта құру алаңында бір мезгілде 3 планшетте әрекет жасай отырып мозайка құрастырса, «Идеялар шеберханасы» білімді ойын түрінде ұсыну алаңында өз мамандығының ерекшелігін жарнамалады. Мастер-класс соңында колледж тұжырымдамалары табыс етілді. Қатысушылар қазіргі еңбек нарығының сын-қатерлерін талқылап, жұмысшы мамандықтар бойынша мансаптық өсу мүмкіндіктерімен танысуда.