2025 жылдың 2 маусым күні 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4S01140601 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша білім алатын ФБ-41 тобында қорытынды аттестаттау - демонстрациялық емтихан басталды. Екі тәуелсіз модульден тұратын емтиханның А модулі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін бағалауға мүмкіндік береді. Студенттер орта буынның 5, 6, 7-сыныптарының қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндері бойынша кіріктірілген оқу сабағының (жаңа тақырыпты пысықтау кезеңі) фрагментін дайындау және өткізу сынағынан өтті. Оқу мазмұнын түсіну және оны сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен байланыстыру, мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыру, сабақтың нәтижелерін қойылған мақсаттармен байланыстыра білу, білім алушыларды оқу қызметіне ынталандыру, оларды сабақты ұйымдастыруға қатыстыру, оқытудың заманауи технологияларының элементтерін қолдана білу дағдыларын көрсетті.