23.05.2025
2025 жылдың 23 мамыр күні офлайн-онлайн форматта Педагогикалық Ғылымдар Академиясының сессиясы өтті. Кезекті сессияға академия мүшелері, білім саласы қызметкерлері, ұстаздар мен оқытушылар қатысты. Бағдарламаға сәйкес білім сапасын көтеру, даму тенденциялары сынды түрлі мәселелер көтерілді. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының және Ұлттық Құндылықтар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы Педагогикалық Ғылымдар Академиясының сессиясында «Цифрлық трансформация дәуіріндегі педагогикалық мамандықтағы дағдылар мен құзіреттер» тақырыбында баяндама жасап, аталған мәселені сарапқа салды. Сессия соңында Академия мүшелерін сайлау рәсімі өтті.