АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Құттықтаймыз!

07.05.2025

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында облыстық сап және әндер байқауы өтті. Негізгі мақсат – жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін қалыптастыру, Отан мүдделерін қорғау бойынша азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындау үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу және оқу взводы мен батальон құрамындағы саптық машықты және саптық үйлесімділікті жетілдіру. Байқау салтанатты маршпен өтіп, саптық әндер орындалды. Облыстық байқауда ұлдар арасында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «АЙБЫН» әскери-патриоттық және қыздар арасында «ТОМИРИС» рухани-патриоттық қыздар клубтары жүлделі І орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Жетекшісі: Қалиев Қуаныш Ахметұлы. Құттықтаймыз!!! Бағындырар белестеріңіз көп болсын!

Просмотров: 579

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст