Текст
Отан қорғаушылар күніне арналған Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткізілген сап және әндер байқауының онлайн конкурсында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Айбын» әскери-патриоттық клубы І орынға ие болды. Айта кету керек, «Айбын» әскери-патриоттық клубы аталған конкурс бойынша соңғы 8 жыл көлемінде жеңіс тұғырынан көрініп, өз шеберліктерін танытып келеді. Алдағы уақытта да клуб жетекшісі мен мүшелеріне толағай табыстар тілейміз, мерейлеріңіз үстем бола берсін!