АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ЛИНГВИСТИКА ЖӘНЕ ШЕТ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

30.04.2025

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Шетел тілі» кафедрасының және ғылыми әдістемелік бөлімнің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Лингвистика және шет тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері» V республикалық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты – лингвистика, педагогика, әдістеме, жаңа әдістері мен технологиялар тұрғысынан шет тілдерін оқыту саласында ғылыми мәселелерді талқылау, білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін арттыруға үлес қосу. Конференцияның пленарлық отырысында өңір орталығындағы №17 мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары, педагог-сарапшы, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Махамбетова Асемгуль Сабыртайқызы білім беру үдерісінің сапасын арттыру үшін цифрлық білім беру ортасының мүмкіндіктерін сарапқа салса, «Шетел тілі» кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы, педагог-сарапшы Жусупова Динара Петровна «Multimodal Communication in Language classrooms: Teaching Beyond Words» тақырыбында баяндама қорғады. Конференция жұмысы «Шетел тілін оқытудың жаңа әдістері: цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері» және «Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация: өзара әрекеттесу және даму перспективалары» атты 2 секциядан тұрды. Конференция жұмысына жалпы орта білім берудің жоғары сынып оқушылары, республиканың колледж және университет студенттері мен магистранттары қатысып, ғылыми жұмыстарын қорғады. Атап айтқанда Мұрын жырау атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледжі, А.Құнанбайұлы атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің білім алушылары қатысты. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдар мен сертификаттарға ие болды. Республикалық ғылыми-практикалық конференция қатысушыларына алғыс білдіреміз!

Просмотров: 528


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст