Текст
Астана қаласында Ұлттық ғылыми және инновациялық зерттеу академиясының ұйымдастыруымен өткен «Жылдың үздік жас ғалымы» атты халықаралық байқауына Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Логопедия» бөлімінің IV курс студенті Хұмар Гүлфаруза қатысып, II дәрежелі диплом және «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМЫ» медалімен марапатталды. Жетекшісі: мектепке дейінгі және логопедия бөлімінің меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-зерттеуші Мұқышева Нұргүл Серікқызы. Ғылым саласындағы жетістіктеріңізбен құттықтаймыз!