АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

24.04.2025

2025 жылдың 17-18 сәуір күндері аралығында  Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзіреттіліктері бойынша «WorldSkills Aqmola – 2025» аймақтық чемпионаты өтті. Білім жарысына Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінен 01120100 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша ІV курс студенті Сәлімкерей Ақгүлім Айбекқызы, 01140100 – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша ІІІ курс студенті Сәбит Жұлдыз Нұралықызы қатысты. 
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша чемпионат 4 модульден тұрды: 
А модулі. «Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу»;
В модулі. «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу»; 
С модулі. «Білім беру ұйымының ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) және қызметкерлерімен өзара әрекеттесу»;
D модулі. «Денсаулық» білім беру саласы.  Қазақ (орыс) тілінде мектеп жасына дейінгі балалармен гимнастика әзірлеу және өткізу.
«Бастауыш сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша чемпионат 3 модульден тұрды: 
А модулі. Интерактивті жабдықты пайдалана отырып, оқу пәндерінің бірінде бастауыш сыныптарда сабақтың үзіндісін (жаңа білімді ашу кезеңі) әзірлеу, әдістемелік қамтамасыз ету және өткізу;
В модулі. Мәселелердің бір түрі бойынша ата-аналар жиналысын әзірлеу және өткізу;
С модулі. Тәрбиенің бір бағыты бойынша (интернетсіз) білім алушылардың жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастыру үшін жоба паспортын әзірлеу және ұсыну.
Чемпионат нәтижесінде «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ» және «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзіреттіліктері бойынша «WorldSkills Aqmola–2025» аймақтық чемпионатында  01120100 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша ІV курс студенті Сәлімкерей Ақгүлім Айбекқызы және 01140100 – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша ІІІ курс студенті Сәбит Жұлдыз Нұралықызы жүлделі 1 орындарға ие болды. 01140100 – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша ІІІ курс студенті Сәбит Жұлдыз Нұралықызы «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan – 2025»  республикалық чемпионатына жолдама алды. Сәттілік тілейміз!

Просмотров: 250


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст