25.04.2021
2021 жылдың 23 сәуір күні Педагогикалық Ғылымдар Академиясының кезекті ХХІІ Cессиясында Академия Президиумының ұсынысы бойынша педагогика ғылымы мен білімді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Ахат Нұртас Ахатұлы Педагогикалық Ғылымдар Академиясының толық мүшесі болып сайланды! Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі атануымен шын жүректен құттықтаймыз! Білім саласында еткен қызметіңіздің абырой биігінен көрінуінде сәттілік тілейміз!