АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2021 жылды 22 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде ғылыми-әдіснамалық және инновациялық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Ә.Рақымжан «WorldSkills стандартын енгізу аясындағы демонстрациялық емтихандардың маңыздылығына» тоқталды. Колледж директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Б.Батанасова дипломдық жұмыстарды алдын ала қорғау есебі және элективті курс нәтижелері жайында сөз сөйлеп, бірқатар міндеттерге арнайы тоқталып өтті. Дипломдық жұмыстардың сапасын арттыру бойынша ұсыныстар берілді. Атап айтсақ, академиялық адалдық принциптеріне сәйкес антиплагиат бағдарламасын колледж базасына енгізу, «Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінің мазмұнын жаңартылған білім бағдарламасына сәйкестендіру. Кеңес отырысында «Оқулық әзірлеу әдіснамасы және авторлардың құзіреттілігін арттыру» курсына қатысушы оқытушыларға сертификаттар табысталды. Колледж оқытушылары Төлеген Өмірбек Шаймұратұлы мен Хамзин Елебек Советұлы аталған курс бойынша өз пікірлерін ортаға салып, оқулық жазу мәселесінің маңыздылығына тоқталып өтті. Күн тәртібінің келесі мәселесі бойынша колледж оқытушысы Утебаева Дәмелі Зайроллақызы «Оқу әдебиетінің сапасына қойылатын жаңа талаптар аясында сарапшылардың әлеуетін арттыру» тақырыбында баяндамасын таныстырды. Ғылыми-әдіснамалық және инновациялық кеңес отырысының қорытындысында колледж директоры Нұртас Ахатұлы тарапынан бірқатар нұсқаулар мен тапсырмалар берілді.