АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

№3 ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС

27.03.2025

2025 жылдың 26 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №3 ғылыми-әдістемелік кеңес өтті. Күн тәртібінде бірнеше бағыттағы мәселелер қарастырылды. Колледж директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы дипломдық жұмыстарды жазу талаптарының орындалуы жайында ақпаратымен бөліссе, кафедра жетекшілері бөлімдердің алдын ала қорғау жұмыстарының есебін берді. Әр бөлім студенті туралы талқылау жүргізіліп, ұсыныстар талқыланды.  Сондай-ақ Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы элективті курс жетекшілерінің жұмыс нәтижелерін хабардар етті. Элективті курс жетекшілерінің отырысы өткізіліп, есеп-ұсыныстары қабылданғанды жайында мәлімет берді. Сонымен қатар колледж әдіскері Мендыбаева Айжанар Нұрланқызына, "Дене тәрбиесі және спорт" кафедрасының оқытушысы Хамзин Елебек Советұлына, "Педагогика және психология" кафедрасының жетекшісі Әміржанова Гүлмира Қайыржанқызына Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі және «Тіл және әдебиет» кафедрасының оқытушысы, PhD докторы Рақымжан Оралсын Қалиқайдарқызы корреспондент мүшесі екендігін растайтын куәліктері табысталды. Кеңес соңында филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының және Ұлттық Құндылықтар академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы көтерілген мәселелерді сарапқа салды. Ұсынылған мәселелер бойынша талқылау жүргізіліп, тиісті қаулы қабылданды.

Просмотров: 574


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст