14.03.2025
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі кәсіптік бағдар беру жұмысын жоспарлы түрде өңір орталығындағы мектеп әкімшіліктерімен келісе отырып, жыл бойы жүргізеді. 2024 жылдың 11 наурыз күні «Информатика» кафедрасының жетекшісі Қамалиден Айгерім Сағындыққызы мен арнайы пәндер оқытушысы Өтепбай Досай Жұмаханұлы М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясы мен №21 мектеп-лицейіне кәсіби беру мақсатында барып, 9-11 сынып оқушыларымен кездесіп қайтты. Колледждегі мамандық түрлері туралы ақпараттар беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.