Текст
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алатын БМ-41 тобының студенттері өңір орталығындағы №6 мектеп-лицейінде «Диплом алды практика» атты педагогикалық практикасынан өтуде. 2025 жылдың 14 ақпан күні «Бастауыш мектеп» бөлімінің меңгерушісі Қабдуәли Ұлан Балғабайұлы мен әдіскер Секенова Балкүміс Байжанқызы тәжірибелерімен бөлісу мақсатында машықтанушылар Хуандаг Гүлжанар, Жаныбаева Аружан мен Муталлапова Адельдің жүргізген сабақтарына қатысып, бақылау жүргізді. Білім алушыларға бағыт-бағдар мен кеңес берілді.