2021 жылдың 5 cәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен түлектері арасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» және «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзіреттіліктері бойынша «Worldskills Kazakhstan – 2021» аймақтық чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі Ахат Нұртас Ахатұлы алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыста батыл болуға, намысты қолдан бермеуге, барынша тырысуға жігерлендірді. Жалпы еңбек қоғамын құру және жұмысшы мәртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара 5 кезең бойынша өткізіледі. 5-7 сәуір аралығында қатысушылар өзара бақ сынасып, жеңімпаздар анықталмақ.