2025 жылдың 13 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі педагогика және логопедия» кафедрасының «Білімге бастар алғашқы баспалдақ» атты апталығы аясында «Құпия арал» атты квест ойыны өтті. Ойынның мақсаты: құпия аралда кездесетін қызықты логопедиялық тапсырмаларды орындай отыра, жағдаяттарды шешу, командалық жұмыс жүргізу және құпия қазынаға жету үшін студенттердің қызығушылығын арттыру. Ойынға Л-21, ФБ-11, И-31 және М-11 топтарының студенттері белсенді қатысты. Ойын нәтижесінде I орынды ФБ-11 тобының «Қараңғы құпия» командасы, II орынды Л-21 тобының «Қара Маржан» командасы, III орынды И-31 тобының «Code Breakers» және М-11 тобының «Елес Экипаж» командалары иеленді. Студенттер тапсырмаларды орындау барысында тапқырлық, жылдамдық, ұйымшылдық қабілеттерін көрсете білді. Ойын соңында «Құпия қазынаны» тауып, ішінен тәтті сыйлықтарын алды. Жеңімпаздар жабылу рәсімінде марапатталады. Ұйымдастырушы: арнайы пәндер оқытушысы Искакова Бахыт Жарматайқызы.