АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ӨНДІРІСТІК ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ

07.02.2025
2025 жылдың 13 қаңтарынан бастап Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Филология» бөлімінің ІV курс студенттері «Өндірістік диплом алдындағы тәжірибе жинақтау» практикасынан өтуде. Кәсіптік практиканың осы түрінен өткен кезде машықтанушы-студенттер қала мектептерін ғана емес, ауыл аймақтарын да практика базасы ретінде таңдауға құқылы. Осы орайда, колледж директорының практика жұмысы жөніндегі орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы, «Филология» бөлімінің меңгерушісі Рахым Арайлым Қайыргелдіқызы және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Рахимова Айсұлу Сенбіқызы Ақмола өңіріндегі Зеренді ауданына қарасты Кенесары ауылының Сәтпаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде тәжірибеден өтіп жүрген Марат Ақеркенің сабағына қатысып, өз бағасын берді. Машықтанушы-студент 6-сыныпқа «Оралхан Бөкей, өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында қазақ әдебиеті сабағын өткізді. Сабақ барысында студент жұптық, жеке тапсырмалар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, бейнежазба, сондай-ақ түрлі әдіс-тәсілдер мен көрнекілік үлгілерін ұтымды қолданды. Сабаққа мектеп директорының міндетін атқарушы Саттыбаева Салтанат Төлегенқызы мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ахмеджанова Әлия Амангелдіқызы да қатысып, оң бағаларын берді.
Просмотров: 161


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст