АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ақтөбе облысы жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы ЗТБ-нің ұйымдастыруымен республикалық «КОЛЛЕДЖ АРУЫ – 2021» байқауына Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Ағылшын бөлімінің 4-курс студенті Силам Мерей Базарбекқызы қатысып, жүлделі ІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ! Жетекшісі: Заманбекова Әлия Заманбекқызы.
Байқау шарты бойынша «Мен қазақтың қызымын» атты таныстыру бөлімінен, «Менің өнерім», «Менің қолөнерім», «Таңғажайып киім» сынды кезеңдерден сүрінбей өтіп, инстаграмм желісі арқылы дауыс жинау бойынша көш басынан көріне білген аруымыз қазылар алқасының шешімімен жүлдегерлер қатарынан орын алды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында, облыс көлемінде талантты бойжеткендеріміздің мүмкіндіктерін барша көрерменге паш етіп, үндестік пен әдемілік арқылы өлкеміздің гүлденуіне үлесін қосу, еліміздегі талантты жастарды анықтап, оларды марапаттау, шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа жариялап үлгі етіп көрсету, жастарды патриоттық тәрбиемен сусындатып, оларды егемен еліміздің ертеңгі тұтқасы болуға дайындау байқаудың негізгі мақсаты болып табылады.